11 сәуір 2022 12:39

Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрлігі "2022-2024 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (қазіргі уақытта 19 450 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (қазіргі уақытта 46 302 теңге);
  • жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұл, салық және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш - 3180 теңге (қазіргі уақытта 3 063 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (қазіргі уақытта 36 018 теңге).

Құжатты "Ашық НҚА" порталынан табуға болады. Заң жобасын ресми талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети