23 ақпан 2022 14:55

Қазақстанда АЭС салуға қанша қаржы жұмсалуы мүмкін? Энергетика министрлігі жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жасұлан Қасенов Қазақстанда атом электр станциясын салуға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жасұлан Қасенов Қазақстанда атом электр станциясын салуға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сомасына келетін болсақ, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қуаты 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұрады.

Бұл халықаралық тәжірибе екенін, атом электр станциясын салудың әлемдік нарығы көрсетіп отырған баға екенін тағы да айтамын. Әрине, дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты. Бірақ болжанған сома - осы", - деді Қасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол қаржыландыру көзі келіссөздер барысында пысықталатынын түсіндірді. Өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі механизмі бар.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жасұлан Қасенов Қазақстан атом электр станцияларын салу бойынша алты мердігер ұсынысын қарап жатқанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети