23 ақпан 2022 14:03

Қазақстан АЭС салуға алты мердігерді зерттеп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Касенов Қазақстан атом электр станцияларын салу бойынша алты мердігер ұсынысын қарап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Касенов Қазақстан атом электр станцияларын салу бойынша алты мердігер ұсынысын қарап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда табиғи-климаттық факторлар мен қоршаған ортаға әсер ету негізінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігі бойынша зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ядролық технологиялардың алты әлемдік мердігерді: америкалық, америкалық-жапон, кореялық, қытайлық, ресейлік және француз технологиялары белсенді зерттелуде. Зерделеу қауіпсіздік, референттілік критерийлері бойынша, орналастыру орны, қуаты және атом станциясының құны бойынша жүргізіледі", - деді Касенов ОКҚ баспасөз конференциясында.

Атом энергетикасы департаментінің директоры шешім нақты қашан шығатынын айтпады.

"Қазіргі уақытта зерттеулер жүргізіліп жатыр, осы зерттеулер нәтижесі бойынша қорытынды жасалып, қарауға жіберіледі. Бұл жақын арада анықталады деп ойлаймын", - деді ол.

ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев 2035 жылға қарай Қазақстандағы электр қуатын қалай ұйымдастыруды жоспарлап отырғаны туралы айтып берді.

"6,5 гигаватта - жаңартылатын энергия көздері бойынша объектілер, 5 гигаваттан астам газ генерациясын, 2 гигаватта - су электр станциясын, 1,5 гигаватта көмір генерациясын және 2,4 гигаватта Атом генерациясын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл базалық және реттеу қуатының тапшылығын жабуға, шектес мемлекеттердің энергия жүйесін реттеуден энергия жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қазір Қазақстанның оңтүстігінде Атом электр станциясын салу қажет екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети