Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге қанша қаражат қажет?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжілісте Қазақстандағы "Сайлау туралы" Конституциялық заң мен оған ілеспе заң жобасына түзетулер қаралып жатыр. 800 әкімнің сайлауына 17,6 миллиард теңге қажет болады. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісте Қазақстандағы "Сайлау туралы" Конституциялық заң мен оған ілеспе заң жобасына түзетулер қаралып жатыр. 800 әкімнің сайлауына 17,6 миллиард теңге қажет болады. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлануы көзделген.

67 түзетуді енгізу ұсынылды: сайлауды тағайындау тәртібін белгілеу, кандидаттарды ұсыну, тіркеу, сайлауды өткізу, қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тіркеу тәртібін белгілеу; кандидаттарға қойылатын талаптар; ұсыну тәсілдері; сайлау өткізу кезеңдерінің мерзімі, сондай-ақ кандидаттарды қолдауға қол жинау, дауыстарды санау.

"Әкімдерді тікелей сайлауды қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асады. Алайда Бюджет кодексінің жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу кезеңінде жергілікті бюджеттің шығындарын міндетті өтеу туралы нормаларын ескере отырып, таяудағы екі жылда сайлау ОСК арқылы қаржыландырылады. 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізіледі және жалпы сипаттағы трансферттерде есептеу кезінде ескеріледі.

Бұл шамамен 17,6 миллиард теңге, оның 4,8 миллиарды биыл 800-ден аса әкімге сайлау өткізуге жұмсалады", - деп түсіндірді Әлішер Әбдіқадыров.

Президент бұған дейін әкімдерді тікелей сайлау 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer