12 мамыр 2014 14:55

Қазақстанда әкімдіктердің жұмыс сапасы бойынша рейтингісі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews.kz Иллюстрация tengrinews.kz

Қазақстанда әкімдіктердің жұмыс сапасы бойынша рейтингісі жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Рейтинг.kz" зерттеу агенттігіне сілтеме жасап.


Қазақстанда әкімдіктердің жұмыс сапасы бойынша рейтингісі жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Рейтинг.kz" зерттеу агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Астана мен Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының әкімдіктері көшбасшылар бестігіне кірген. Ал аутсайдерлер тобына Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстары жатқызылған.

Ағымдағы жылдың сәуір айында агенттік облыс және республикалық маңызы бар қалалар әкімшіліктерінің 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыс сапасына қатысты объективті баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізген. Сарапшылар әкімшіліктердің жұмыс сапасын бағалауда "саяси тұрақтылықты сақтап тұру, әлеуметтік және еңбек дауларын төмендету" өлшемі ең маңызды деп есептеді. Оған қоса, "аймақтың экономикалық дамуындағы жетістіктері", "шағын бизнестің дамуы", "аймақ әлеуетін дамыту" өлшемдері де жоғары бағаланды. Әрбір әкімшіліктердің жұмыс сапасы 11 баллдық жүйемен ("1" - ең төмен, "7" - ең жоғары) бағаланды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, көшбасшылар бестігіне мынадай әкімшіліктер енді: Астана (Иманғали Тасмағамбетов) - 4,10 балл, Шығыс Қазақстан облысы (Бердібек Сапарбаев) - 4,02 балл, Қызылорда облысы (Қырымбек Көшербаев) - 4,01 балл, Алматы (Ахметжан Есімов) - 3,97 балл және Павлодар облысы (Қанат Бозымбаев) - 3,80 балл.

"Аймақтың экономикалық дамуындағы жетістіктері", "аймақтық әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы" өлшемі бойынша Астана қаласы көшбасшы атанды.

Агенттік сарапшыларының айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының рейтингі сәл ғана төмендеген және бірінші орыннан екіншіге түсіп қалған. Оған себеп - "Қазақмыс" корпорациясына қарасты Артемьев кенішінде еңбек шиеленісінің орын алғандығы. Еңбек дауының шешілгендігі кезекті рет облыс әкімінің профессионалды қасиетін көрсетті. Бірақ аймақтық жүйеде еңбек дауы мен айтыс-тартыстарға мониторинг жүргізуде олқылық барын байқатты.

Үшінші орында тұрған Қызылорда облысының әкімдігі макроэкономикалық оқиғалардың кері әсеріне қарамастан, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының екпінін сақтай алған. Алайда әкімдік үшін маусымдық көктемгі су тасқыны белгілі қауіп-қатер әкелді, бірақ солтүстік облыстарға қарағанда оның ауқымы кең бола қойған жоқ.

Алматы қаласының әкімдігі рейтинг бойынша төртінші орынға жайғасты. Қаланың дамуының негізгі мәселелері толық шешіле қоймаса да, (экология, көлік инфрақұрылымы) 2014 жылдың бірінші тоқсанында әкімдік маңызды нәтижелерге қол жеткізе алды, қаланың аумағы 23 мың гектарға кеңейді. 

Павлодар облысында 2014 жылдың бірінші тоқсанында динамикалық өсім байқалды. "Әкімдік маңызды шешімдер қабылдады, әкімдік жұмысының ашықтығы байқалды. Жаңа әкім аймақтың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне бөлінетін қаржыны көбейту үшін ENRC корпорациясымен өзара түсіністікте жұмыс істеді", - делінген агенттіктің хабарламасында. Бұл ретте сарапшылар бірінші тоқсан енді аяқталғандықтан, әлі облыстық әкімдіктер көптеген мәселелерді шешуі қажет екендігін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети