28 наурыз 2022 12:47

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 наурыздағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 наурыздағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, наурыздың соңғы күндерінде солтүстік-батыс циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Осылайша, республиканың барлық аумағында жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6 градус аяз...2 градус жылы, оңтүстік жартысында ауа температурасы 5 градус аяз...5 градус жылыға дейін ауытқиды, күндіз батысында, оңтүстік батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10...20 градусқа дейін, солтүстігінде 2...8 градусқа дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3...11 градусқа дейін күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети