24 қаңтар 2022 13:26

Қазақстанда арнайы операция күштерінің қолбасшылығы құрылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, елде арнайы операция күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болды.

Мемлекет басшысы Жарлыққа 19 қаңтарда қол қойды. Сол күні елімізде қорғаныс министрі ауысты.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда әскери барлауды күшейту керек екенін, ол ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіптер туралы уақытылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.

"Маңызды міндет Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған арнайы операция күштерінің қолбасшылығына жүктеледі. Оның алдында барлық ұйымдастыру шарасын қысқа мерзімде қабылдау және басқа да күш құрылымдарымен бірлесіп арнайы операцияларды орындауға әзірлікті қамтамасыз ету міндеті тұр", - деді Ақорданың баспасөз қызметі өкілі 19 қаңтарда. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети