Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов© Фото: Тұрар Қазанғапов©

Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет бекіткен ең басты норма - барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджет арқылы зейнетақы тағайындау жүйесіне көшті. Бұрын 2016 жылға дейін жинақтау жүйесінде болғанбыз. Бұл - өте жақсы жетістік деп ойлаймын. Зейнет жасы бойынша ұзарту «Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда қарастырылған. Биыл ол заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, әскери қызметшінің жасын 5 жылға дейін созуға болады", - деді Қайыржан Бимолдин.

Сондай-ақ, ол әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептелетінін түсіндіріп өтті.

"Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Мысалы, 30 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысының 60 пайыз зейнетақы тағайындалады", - деді ол.

Бимолдин зейнетақыны көтеру "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 4-бабының 4-тармағында да қарастырылғанын, өсудің нормаларын немесе пайызын қаржы жылына арналған республикалық бюджет бекітетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer