05 маусым 2023 08:40

Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" мамандары ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" мамандары ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 маусымда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Қостанай қаласында 5 маусымда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

5 маусымда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтау қаласында 5 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі.

5 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

5-6 маусымда күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында 5-6 маусымда күндіз 36-38 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады.

5 маусымда күндіз Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

5 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

5 маусымда күндіз Атырау облысының батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

5 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

5 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаев қаласында 5 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

5 маусымда күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Актөбе қаласында 5 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қауіпі сақталады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети