Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда ауылдағы жұмыссыздар есепке алынатын болды

18 Мамыр 2015, 14:38
0
© kostanaytany.kz
© kostanaytany.kz

Қазақстанда ауылдағы жұмыссыздар есепке алынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында ауылдық округтер әкімдерінің қызметін автоматтандыру бойынша бағдарлама пилоттық режімде іске қосылды. Бағдарламаның басты мақсаты - ауылдық округтерде тұратын жұмыссыздарды, аз қамтылған азаматтар мен жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу.

"Бағдарлама арқылы ауылдық октугтердегі жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алуды жүйелендіруге болады. Сонымен қатар, еңбек ресурстарының теңгерімін құруға, тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамтуда қолдау шараларын анықтауға жол ашылады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктегілердің мәліметіне қарағанда, бұл бағдарлама арқылы ішкі еңбек көші-қонын анықтауға да болады. Сонымен қатар, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды нысандау мен жеке қосалқы шарушылығының бар-жоқтығы туралы мәліметтерді жүйелендіру сияқты міндеттер шемімін табады.

Айта кетейік, Ақмола облысының Аршалы ауданында бағдарлама пилоттық режімде сынақтан өткен соң оны республиканың барлық өңіріне енгізу мәселесі қарастырылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 460 мыңға жуық адамның жұмыссыз екені хабарланған болатын. 2015 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны - 459 мың 200-ге тең. Бірақ бұл көрсеткіш 2014 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда төмен, өткен жылы бұл кезеңдегі жұмыссыздардың саны 464 мың 800 адам болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай