17 қаңтар 2017 10:43

Қазақстанда "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлері аттестаттаудан өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлері аттестаттаудан өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлері аттестаттаудан өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау атқаратын қызметінің санатына байланысты үш кезеңде өткізіледі. Барлық аумақтық департаменттерде атестататтауды өткізу желілік кестесі қалыптастырылды.

Аттестаттау бірінші кезеңде 2017 жылдың 16 наурызында өткізілуі жобаланып отыр. Екінші кезеңде - 2 ақпаннан 17 мамырға дейін, үшінші - ағымдағы жылдың 3 наурыздан 15 маусымға дейін.

Аттестаттауды барлығы 65 мың адам өтеді, оның ішінде 58 мыңы аттестацияны өңірлерде өтеді.

Аталған кезеңде барлық өңірлерде тестілеу залдарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, Бірыңғай құзырет шегі жаңа жүйесін апробациялау кестесі жасалған.

2017 жылы мемлекеттік қызметшілер аттестаттауды өткеру барысында Бірыңғай құзырет шегі жаңа жүйесі негізінде жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өтеді.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында өткен Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаров Агенттіктің өңірлік департаменттерінің басшыларына жыл соңына дейін тестілеу кестесін түзетуді, аттестаттауды өтушілердің болжамалы санының тестілеуден өтуіне мүмкіндік беретін тестілеу залдарының алаңын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Сонымен қатар, Кеңесте Қайрат Қожамжаров әңгімелесу өткізу тәртібіне аса назар аудару қажеттілігіне екпін қойған еді.

Әңгімелесу тәртіптерінің әділдігін қамтамасыз ету және қабылданған шешімдерге сенімін арттыру үшін аттестациялық комиссия құрамына Агенттік өкілдерін, жоғарғы тұрған меморгандар, қоғамдық бірлестіктер мен кеңестер, академиялық орта өкілдерін, сондай-ақ мәслихат депутаттарын қосу ұсынылды. Комиссия мүшелері әңгімелесуді жүргізу мен құзыреттілігін анықтау дағдыларына оқытуды Мемлекеттік басқару академиясында және облыс әкім аппараттарының жанындағы өңірлік оқыту орталықтарында өтеді.

"Аттестаттау жүргізу кезеңі бойына Агенттік мемлекеттік қызметшілердің әрбір санатының аттестация өткеру мақсаттары мен міндеттері, тәсілдері, уақыттары мен аттестация өткеру нәтижелері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Агенттік интернет-ресурсында азаматтар аттестация бойынша қызықтыратын сұрақтарына жауап таба алатын қосымша сервис (қызмет көрсету) құрылады", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі  іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады. Аттестаттау - мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлармен жұмыстың ықпалды шарасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети