12 қараша 2020 12:53

Қазақстанда байлыққа салық салу тағы да ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Қазақстанда байлыққа салық салу тағы да ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда байлыққа салық салу тағы да ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде байлыққа арнайы салық енгізу өте өзекті мәселе. ( ... ) Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біз елдегі бай және кедей топтар арасындағы алшақтық едәуір артқанына куә болдық. Мұнда сәнді тауарларға, мысалы, яхталарға, ұшақтарға, қымбат жылжымайтын мүлікке, қымбат автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға салық салу туралы айтылады.

Байлыққа салық енгізу Қазақстанда салық салудың әділ жүйесін құра алады деп санаймын", - деді сенатор Марат Бақтиярұлы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке.

Дәленов Қазақстанда мұндай салық енгізу жоспары қарастырылғанын айтты.

"Қазіргі уақытта салық салуда әділ принциптер қарастырылған, ал байлыққа салық салу - тиімді тәсілдердің бірі. (...) Мүліктің құны жоғары болса, онда, әрине, cалық көп болады. Көлік салығы бойынша да осындай айырмашылық бар, ол 8 мыңнан 600 мың теңгеге дейін. Сондай-ақ, алкоголь, темекі, акциздерге қосымша салықтар алынады, - деді ведомство басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети