Қазақстанда билік пен қоғам диалогы үшін жаңа орган құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда билік пен қоғам диалогы үшін жаңа орган құрылады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жаңа консультативтік орган – "Қазақстан Халық Кеңесі" пайда болады. Мәжіліс депутаттары тиісті конституциялық заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жаңа консультативтік орган – "Қазақстан Халық Кеңесі" пайда болады. Мәжіліс депутаттары тиісті конституциялық заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ

Осы сәттен бастап мәжілісмендер "Қазақстан Халық Кеңесі туралы" заң жобасын және Парламент палаталарының бірлескен комиссиясына кіретін депутаттарды сайлау процедурасын қарастыруға кіріседі.

"Халық Кеңесін" құру туралы алғаш рет биыл 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс Қазақстанның жаңа Конституциясын дайындау кезінде белгілі болған еді.

Кеңес немен айналысады?

Конституция жобасына сәйкес, "Қазақстан Халық Кеңесі" – бұл ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Оның құрамына "азаматтық қоғам мен қоғамдық бірлестіктер" өкілдері кіреді, ал жұмыс ережелері мен құрылу тәртібі жеке конституциялық заңда жазылуы тиіс. Дәл осы заңды Мәжіліс қазір қарастыра бастады.

Құрылымның өкілеттіктері айтарлықтай кең деп көрсетілген. Конституцияда "Халық Кеңесінің" мынадай мүмкіндіктері бар екені айтылған:

  • ішкі саясат, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • Құрылтайға заң жобаларын ұсыну;
  • жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеру.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық Кеңесіне үлкен үміт артатынын" атап өткен болатын. Ол бұл құрылым қоғамдық-саяси өмірдің өзекті мәселелерін талқылайтынын айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.9   543.53   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер