27 қыркүйек 2022 11:12

Қазақстанда бизнеске қойылатын талаптардың шамамен 20 пайызы қысқарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бизнеске жүктеме қаншалықты төмендейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бизнеске жүктеме қаншалықты төмендейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан осы жылғы қорытындылар бойынша кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау нәтижесінде бизнеске әкімшілік жүктеме қаншалықты төмендейтіні туралы сұрады.

Әлібек Қуантыров министрлік талаптың шамамен 20 пайызын жоюды болжап отырғанын айтты.

"Қазіргі уақытта "бизнесті жаңа парақтан бастау" саясаты қолданылады. Қазірдің өзінде 9 салада 22 мыңнан аса талапты анықтадық, олардың 17 пайызы, яғни 3,8 мың талаптың күші жойылады, не қайта қаралады, не жылдың аяғына қарай қысқартылады. Біз талаптардың шамамен 20 пайызын алып тастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, міндетті есептіліктің 35-тен аса түрі қысқартылады", - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Цифрландыру министрлігімен бірлесіп адам факторын болдырмау үшін бақылау жүйесі құрылып жатыр.

"Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті тексеруге мораторий тағы бір жылға ұзартылады. Бұл шаралар бизнеске әкімшілік жүктемені және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети