09 шілде 2020 11:32

Қазақстанда борышкерлерге қатысты ереже өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда борышкерлер шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала ескертіледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда борышкерлер шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала ескертіледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде ғана біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді оларды 5 жұмыс күні ішінде алдын ала хабардар етіледі.


"Ағымдағы жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Аталған заңмен Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның нормасына елден шығуға тыйым салу бойынша жаңа жеңілдетілген шектеу шаралары енгізілді.

Заң нормасымен берешек шегі ұлғайтылды, одан асып кеткен кезде елден шығуға уақытша шектеу қолданылады. Бүгінгі күні шығуға тыйым салу 20 айлық есептік көрсеткіштен артық қарыз болған жағдайда қолданылса,енді бұл шек 40 АЕК-ке дейін көтерілді", - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан басқа, сот орындаушысының өз қалауы бойынша әрекет ету өкілеттігін қысқарту мақсатында елден шығуға тыйым салу алдында бес жұмыс күні бұрын борышкерге хабарлау туралы норма енгізілді.

Ведомство мәліметінше, заң 2020 жылғы 8 маусымда күшіне енді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети