15 ақпан 2023 09:08

Қазақстанда бір жылда 17,7 мың отбасы ажырасқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың ажырасуы мен некеге тұруы туралы 2022 жылға арналған мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың ажырасуы мен некеге тұруы туралы 2022 жылға арналған мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан.

Өткен бір жылда 128,5 мың неке тіркелген. 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда заңды некеге тұрғандар саны 8,4 пайыз азайған. Неке коэффициенті 1000 адамға 6,46 құрады.

Сондай-ақ 17,7 мың жұп ажырасқан (соттың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша).

Бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1 пайыз төмен. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,89 құрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети