21 маусым 2024 09:00

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер ертең, 21 маусымда елдің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер ертең, 21 маусымда елдің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық 39 градус сақталады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, батысында, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтінше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарына найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети