26 желтоқсан 2023 13:23

Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен анықталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен анықталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр 2024 жылы ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленетінін айтты.

"Бұл әдістеменің негізгі алғышарттары – орташа жалақы мен еңбек өнімділігі қолданылады. Бүгінге дейін болмаған нәрсе. Тиісінше, ЕТЖ Қазақстанда қандай өнімділік, орташа жалақы қандай болатынына байланысты болады", - деді Жақыпова.

Ол Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан тапсырмасы бойынша, 2024 жылы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін арттыру тапсырылғанын еске салды.

"Бұл жұмыс орындалды, республикалық бюджет туралы заңда қаражат көзделген және келесі жылдан бастап ЕТЖ 85 мың болады. Келесі жылы оны әзірлеп, соған сәйкес бірге талқылаймыз. Әзірлеуге серіктестеріміз де қатысады - бұл жұмыс берушілер қауымдастығы, кәсіподақтар, қызметкерлердің өздері", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети