26 қыркүйек 2021 10:46

Қазақстанда Еңбек күні атап өтіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Еңбек күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Еңбек күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мереке 2013 жылы жұмысшы мамандықтарға құрмет көрсету дәстүрін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілген. Еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісі атап өтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту туралы бағдарламалық мақаласында нағыз адами еңбек әлемдік өркениеттің жоғары игіліктеріне қол жеткізудің жалғыз құралы болғанын және болып қала беретінін жазған еді. 

"Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек - бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек" - деп жазған болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы.

Қазақстанда Еңбек күніне орай екі награда табыс етіледі. Бұл "Еңбек ардагері" және "Қазақстанның Еңбек Ері".

Айта кетейік, қыркүйектің соңғы жексенбісінде машина жасаушы күні де атап өтіледі. 28 қыркүйек - Қазақстанда атом саласы қызметкерлерінің күні, ал 30 қыркүйек - Әділет органдары қызметкерлерінің күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети