Қазақстанда ескі автомобильдерді сатып алу бойынша бағдарлама іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда ескі автомобильдерді сатып алу бойынша бағдарлама іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2016 жылғы 3 қазанда ҚР Энергетика министрлігінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, "ҚазАвтоПром", "ҚАБҚ" (Қазақстандық автобизнестің қауымдастығы) өкілдерінің, автокөлік өндірушілерінің және ЖШС ӨКМ Операторының қатысуымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыста қолданыстан шыққан көлік құралдарының (ҚШКҚ) механизмін енгізу бойынша Бағдарламаның шарттарын жасау жөнінде мәселе қарастырылды", - делінген хабарламада.
Бұл жобаны іске қосу қазақстандық автокөлік иелеріне ескі автомобильді тапсырғаны үшін 48 мың теңге немесе 150 мың теңге алуға мүмкіндік береді. Жұмыс тобы ұсынған жобаның пилоттық нұсқасында автокөлік иесі ЖШС ӨКМ Операторының жинау пунктілеріне алдағы уақытта кәдеге жаратуға М1 категориясындағы көлік құралын (3,5 тоннадан аспайтын салмақты немесе 7 қондырмалы орынды жеңіл автомобиль) тапсырады, орнына автомобильдің екі комплектациясының бірі бойынша ақшалай өтемақы алады: 150 мың теңге толық комплектация үшін және жүрмейтін автомобильдер (шанақ, есік, қозғалтқыш, беріліс қорабы болуы міндет) үшін - 48 мың теңге.
Қабылдау және төлеу тәртібінің шарттары ӨКМ Операторымен анықталады. Пайдаланылған көлік құралдарын қабылдауды ЖШС "ӨКМ Операторы" (https://www.recycle.kz/) Қазақстанның 17 қаласында жүзеге асырады.
Қолданыстан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату бағдарламасын әзірлеушілер аталған жоба экологиялық таза емес және қауіпсіз емес көлік құралдарының санын азайтуға мүмкіндік береді деп есептейді. "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның алдын ала бағалауы бойынша 2016 жылдың соңына дейін 10 мыңға жуық қолданыстан шыққан көлік құралдарын жинау күтіліп отыр. ҚШҚҚ-ның жиналған көлемі аталған шредерлік кешенге түседі деп жобаланы отыр.
ҚШҚҚ-ны кәдеге жарату бағдарламасы, сонымен қатар, кәсіпкерлікті ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасау түрінде ірі әлеуметтік және экономикалық әсері бар болатындығын атап өту қажет, дейді министрлік өкілдері.
Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидаты - (ӨКМ) іске асырылып отыр. ҚР Үкіметінің қаулысымен ӨКМ Операторы болып ЖШС "ӨКМ Операторы" компаниясы анықталған.
Оператордың функцияларына төмендегілер кіреді: өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері таралатын өнімнің (тауардың) тұтынушылық қасиетін жоғалтқаннан кейін қалыптасатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру. Импорттаушылардың (өндірушілердің) кеңейтілген міндеттемелері төмендегілерге таралады: 1) Көлік құралдарына: М1 категориясындағы, N1, N2, N3 категориясындағы жүк автомобильдері, М2, М3 категориясындағы көлік құралдары, сондай-ақ аталған категориялардағы G категориясының жоғары өтімділігі. 2) Көлік құралдарының компоненттері: шиналар, доңғалақ тыстар, электр аккумуляторлары, мотор майлары, тежеуіш сұйықтықтары, антифриздер және мұздануға қарсы дайын сұйықтықтар. Өнімдердің толық тізімі ҚР Энергетика министрлігінің 28.01.2016 ж. №27 бұйрығымен бекітілген.
Еске салайық, осыған дейін елімізде ескі көліктердің 315 мың теңгеден қабылдана бастағаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл бағдарлама екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі 2016 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл кезде тек жеңіл көліктер қабылданатын болады. Ал бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін автобустар, шағын автобустар және жүк көліктері қабылданатын болады.
Кейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлей отырып, автокөліктерді толықтай қайта шығаратын бірнеше зауыттың салынатыны жайлы айтқан еді.