21 қараша 2016 11:09

Қазақстанда ескі көлікті өткізіп, ақша алудың жолы - видеонұсқаулық

ПОДЕЛИТЬСЯ

© msk-util.ru © msk-util.ru

Қазақстанда ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы басталды. Осыған байланысты TengrinewsTV редакциясы ескі автомобильді өткізіп, ақша алудың жолдарын көрсететін видеонұсқаулық дайындады.


Қазақстанда ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы басталды. Осыған байланысты TengrinewsTV редакциясы ескі автомобильді өткізіп, ақша алудың жолдарын көрсететін видеонұсқаулық дайындады.

Бағдарлама координаторы -  өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері - (ӨКМ). Ескі көлігі бар адамдар оны өткізіп, ақша алуы үшін өзінің көлік құралын auto.recycle.kz сайтында алдын ала бағалаудан өткізу керек. Бұл сайтта арнайы форманы толтырып, көліктің утилизация бағдарламасына жарамды немесе жарамсыз екенін анықтау керек.

Бағдарламаға М1 категориясындағы көліктер қатыса алады. Бұл дегеніміз салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жеңіл көліктер немесе ең көп дегенде жеті адамға арналған көліктер. Көліктің шыққан жылы мен оған иелік ету мерзімі бойынша шектеулер жоқ. Көлік жүріске жарамды болса да, жарамсыз болса да бағдарламаға қатыса алады. Апатқа түскен көліктер бағдарламаға қажетті комплектациясы мен оны анықтау мүмкіндігі бар болғанда ғана қатысады. Комплектациясы толық ескі автомобильдің иесі комплектацияның толық сомасы 150 мың теңге ала алады. Ал комплектациясы толық емес көліктерге берілетін сома - 48 мың теңге.

Қазақстанда ескі көліктердің қандай талаптар бойынша сатып алынатыны белгілі болды

Елімізде ескі көліктер 315 мың теңгеден қабылдана бастайды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети