05 сәуір 2022 09:53

Қазақстанда инфляцияның болжамдық дәлізі өсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық бюджетке енгізілген көктемгі түзетулерде Үкімет инфляция дәлізін 8-10 пайыз деңгейінде белгіледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Республикалық бюджетке енгізілген көктемгі түзетулерде Үкімет инфляция дәлізін 8-10 пайыз деңгейінде белгіледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 миллиард долларға дейін өседі. Импорт 40,2 миллиард доллар болады. Инфляция 8-10 пайыз дәлізінде анықталады.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірісінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірісі 10,1 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары", - деді Қуантыров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, кірістер бойынша негізгі өсім мұнайдың болжамды бағасының өсуі, теңгенің долларға қатысты бағамының өзгеруі және макроэкономикалық көрсеткіштердің артуы есебінен корпоративтік табыс салығы аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша күтіледі.

"2022 жылы бюджет тапшылығын 2,9 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,3 пайызы деңгейінде анықтау ұсынылады. Республикалық бюджеттің шығыстарын түзетілген көлеммен салыстырғанда 2,7 триллион теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 триллион теңге көлемінде айқындау ұсынылады", - деп толықтырды министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети