24 қазан 2022 09:03

Қазақстанда инвестиция салған шетелдіктерге виза беретін заң жобасы қабылдануы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ел экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге тұруға рұқсат беретін заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан аса инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр" - деді Жұманғарин.

Жұманғариннің айтуынша, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құру, жаңа технологиялар және қызметтер көрсету, яғни Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті эффект беретін инвестициялар (салық түсімдері түріндегі бюджетке қосымша қаржылық түсімдер, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқалары) ескерілетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети