09 қаңтар 2024 17:26

Қазақстанда жаңа салық режимі енгізілмек

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда жаңа жеке салық режимі пайда болуы мүмкін. Бұл платформалық жұмысқа қатысты болады, мысалы, курьерлер мен такси жүргізушілері. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жаңа жеке салық режимі пайда болуы мүмкін. Бұл платформалық жұмысқа қатысты болады, мысалы, курьерлер мен такси жүргізушілері. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Яндекс.Такси" және басқа да такси компанияларының жүргізушілері бар. Жол ақысын мобильді аударым арқылы төлегенде, ақша такси жүргізушісінің әйелінің атына түседі. Енді такси жүргізушілері мен курьерлер салықты қалай төлейді? Компания олар үшін салық төлей ме? Мәселе қалай шешіледі?" – деп брифингте журналистер вице-министрге жалпыға бірдей декларацияға қатысты сұрақтар қойды.

Біржанов қазір такси жүргізушілерінің жеке тұлға ретінде қолма-қол ақша немесе мобильді аударым алатын жағдайлары жиі кездесетінін мойындады. Оның айтуынша, операторлар мұндай такси жүргізушілерінің рейтингін төмендетіп, тіпті оларға берілетін тапсырыстардың санын азайтуы мүмкін. Мұның бәрі олар заңды жұмыс істеуі үшін.

Вице-министр қазір такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі бар екенін, оған сәйкес олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы 1 пайыз салық төлей алатынын атап өтті. Талапқа сәйкес, олар салық органдарына келіп тіркелуі керек немесе мобильді қосымша арқылы онлайн (жеке кәсіпкер ретінде) тіркеле алады.

"Алайда, жаңа талаптар бойынша операторды салық төлеуші ретінде қарастырамыз. Мұндай ұсыныс бар. Мысалы, егер такси жүргізушісі оператор арқылы жұмыс жасаса, егер оператор салықты ұстап қалса және оны бюджетке аударса, оны салық төлеу міндетінен босатуды қарастырамыз. Бұл болашақ кодексте норма болады деп ойлаймыз. Бұл мәселені бизнеспен талқылап жатырмыз. Қазір ыңғайлы нұсқа бар: мобильді қосымша арқылы тіркеліп (жеке кәсіпкер ретінде), патент алып 1 пайыз салық төлеу. Бұл такси жүргізушілеріне қатысты", – деп жауап берді Ержан Біржанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети