30 қараша 2021 18:28

Қазақстанда желтоқсанның аяғынан бастап картоп пен ірі қара мал экспортына тыйым салынады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Қазақстанда желтоқсанның аяғында картоп пен ірі және ұсақ мал экспортына толық тыйым салынады. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда желтоқсанның аяғында картоп пен ірі және ұсақ мал экспортына толық тыйым салынады. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы 25 қарашада өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мал, картоп және көкөністі экспорттауға тыйым салу мәселелері қаралғаны атап өтілді.

"Ведомствоаралық комиссия барлық жас тобындағы ірі қара малды 6 айға, картоп пен сәбізді 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға толық тыйым салуды енгізуді мақұлдау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір ішкі нарықта ірі қара және ұсақ мал етінің қымбаттағаны байқалады. Биыл қарашада республика бойынша бір килограмм сиыр етінің бағасы орта есеппен 2 239 теңге болды. Жыл басынан бері баға 15 пайызға, яғни 292 теңгеге өсті. Қой етінің орташа бағасы 21 пайызға (419 теңге) өсіп, бір келісі үшін 2 409 теңге болды. Бұл ретте ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 50 пайыз деңгейде қалып отыр. Биылғы жылдың 10 айында 173 мың тонна ет өңделген, бұл ет өндірісінің жалпы көлемінің небәрі 18 пайызы болады.

Сонымен қатар, бұқа мен қошқар экспортының ұлғайғаны байқалғаны айтылды. Биылғы жылдың 10 айында 161 мың бас ірі қара мал шығарылды, яғни 2020 жылғы деңгейден 5,6 есе артық, ұсақ мал шығару 6,7 есе ұлғайып, 112 мың бас болды. Биыл жыл соңына дейін 200 мыңға жуық ірі қара мал шығарылуы мүмкін.

"Қалыптасқан жағдай ет және ет өнімдері бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін. Биыл картоп пен сәбізден жиналған өнім ішкі тұтыну мен экспорттық әлеуетті сақтау үшін жеткілікті екенін атап өткен жөн. Алайда көрші елдерде көкөніс өнімдері мен картоп өнімділігі төмен екенін ескеру керек, бұл ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелуі мүмкін. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау және бағаны тұрақтандыру үшін ведомствоаралық комиссия ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды мақұлдау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, экспорт нарығын сақтау маңыздылығын ескере отырып, шектеулер желтоқсанның аяғында күшіне енетіні айтылды. Министрлік бір ай ішінде болып жатқан жағдайға күнделікті мониторинг пен талдауды жүргізеді. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша салалық қауымдастықтармен және одақтармен талқылау және консультациялар түрінде бірлескен жұмыс жүргізілетіні де атап өтілді.

АШМ ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақталған жағдайда шектеу шараларының күшін жою мәселесі де қаралатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети