28 сәуір 2023 10:16

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектепке жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржы 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржы 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті. Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

"Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 миллиард теңге түсті. Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 миллиард теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 миллиард теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға; тағы 12,6 миллиард теңге үш жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған екі мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети