23 маусым 2021 16:31

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы тоқтатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы тоқтатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасын 2019 жылдың 31 мамырында іске қосқан. Шарттарда отандық өндірістен жеңіл автокөлік сатып алатын жеке тұлғаларға 4 пайыз номинал мөлшерлемемен кредит беруі көзделген.

Бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық банк 2019-2020 жылдары 40 миллиард теңге, яғни жыл сайын 20 миллиард теңге бөлген.

Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, 2021 жылдың 27 мамырындағы жағдай бойынша барлығы 48,8 миллиард теңгеге 8 546 кредит берілген, оның ішінде 8,8 миллиард теңге бұрын берілген автокредиттерді (револьверлік тетік) өтеуден түскен қаражат есебінен сатылған.

"Сонымен қатар, Ұлттық банк басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 56 шешімімен Қазақстан Ұлыттық банк басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 79 "Отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру бағдарламасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды. Сондай-ақ, Қазақстанда дәл осындай шарттармен өндірілген жеңіл автокөлік сатып алушыларына кредит беру үшін Ұлттық банк бұрын бөлген 40 миллиард теңге сомасындағы қаражатты одан әрі пайдалану мүмкіндігі қарастырылған", - делінген редакция сауалына берілген жауапта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети