17 мамыр 2021 10:46

Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 10 пайызға, ал зардап шеккендер саны бірден 13 пайызға артты. Бұл ретте апаттың төрттен бірі Алматыда болған, - деп хабарлайды ranking.kz.


Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 10 пайызға, ал зардап шеккендер саны бірден 13 пайызға артты. Бұл ретте апаттың төрттен бірі Алматыда болған, - деп хабарлайды ranking.kz.

2021 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда 3,7 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Бұл былтырғымен салыстырғанда 10,3 пайызға көп. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5,4 мың адам зардап шекті, оған бірден жылына 12,7 пайыз қосылды. Зардап шеккендердің арасында 5 мың адам жараланып, 458 адам қаза тапқан.

Өңірлік бөліністе бүкіл ЖКО-ның төрттен бірі Алматыда тіркелген: 985 жағдай. Үштікке Алматы және Жамбыл облыстары да кірді", - деп жазған сарапшылар.

Нұр-Сұлтандағы оқиғалар саны бірден 55,8 пайызға артқан. Ол - 162 жол-көлік оқиғасы. Елордада 178 адам зардап шеккен, олардың алтауы қайтыс болды. Олар бес ер адам және бір әйел.

1,3 мың адам көлікке қатысты қылмыс жасаған. Олардың 526-сы көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізген және мас болған; 80 адам алкоголь немесе есірткіге мас күйінде жол ережесін бұзған.

"Мас күйінде ережені көбіне жұмыссыздар жиі бұзады. Олардың ішінде 59 адам жол ережесін бұзған, 375 адам көлік жүргізу құқығынсыз ролге отырған".

Сарапшылардың айтуынша, бір жыл бұрын, коронавирус пандемиясына байланысты локдаун кезінде 3,3 мың апат тіркелген. Зардап шеккендер саны 4,8 мың адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети