20 маусым 2024 16:07

Қазақстанда жол-көлік оқиғалары көбейген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Қазақстанда небәрі бес айда 8 234 жол-көлік оқиғасы болып, 10 190 адам зардап шегіп, 767-сі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда небәрі бес айда 8 234 жол-көлік оқиғасы болып, 10 190 адам зардап шегіп, 767-сі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Басп прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәліметінше, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында 515 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 223 адам қаза тапқан.

Республикалық маңызы бар жолдарда 388 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апатынан 152 адам қаза тапқан, оның ішінде он адам 18 жасқа толмаған.

Облыстық маңызы бар жолдарда 342 жол-көлік оқиғасы болып, 80 адам мерт болған.

Ең көп жазатайым оқиғалар елді мекендерде тіркелген – 6 927. Мұнда 8 339 адам зардап шегіп, 289 адам қаза болды.

Алты айға жетпейтін уақыт ішінде елде былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазатайым оқиғалар 85 пайызға көп болған.

ЖКО-да зардап шеккендер саны бойынша Алматы (2353 адам), Шымкент (878 адам), Жамбыл (1037 адам), Алматы (927 адам) және Маңғыстау (707 адам) облыстары көш басында тұр. Бұл аймақтар жол апаттынан зардап шеккендер саны бойынша да бірінші орында. ЖКО-дағы өлім-жітімге келетін болсақ, мұнда антирейтингті Алматы (103 адам қаза тапқан), Жамбыл (78 адам қаза тапқан), Түркістан (67 адам қаза тапқан), Қарағанды (61 адам қаза тапқан) және Атырау (53 адам қаза тапқан) облыстары бастап тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети