29 қараша 2016 12:42

Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова. © Тengrinews.kz Тамара Дүйсенова. © Тengrinews.kz

Бақытжан Сағынтаевтың Министрлер кабинеті Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тартудың жаңа тетіктерін қарастыруда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 
 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметі отырысы барысында жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты - өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және өзге де біліктілігі жоқ тұлғаларды өнімді жұмысқа тарту екенін баяндады. Оған қоса, жаппай оқыту және сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіпкерлік негіздері бойынша дағдыландыру, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту қарастырылуда.

Жаңа бағдарлама 15 пен 45 жас аралығындағы айына 60 мыңнан төмен табыс табатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға және кәсіптік біліктілігі жоқ тұлғаларға жұмыс табуға немесе жаңа мамандықты меңгеруге көмектеседі. Қолдау шараларымен 550 мыңға жуық адам қамтылады деп күтілуде, олардың 84% ауыл тұрғындары.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Үкіметі Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаның мақсаты нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасау арқылы халыққа өз табыстарын арттыруға мүмкіндік беру болып табылады.  

Нәтижелі жұмыспен қамту, бұл - еңбеккерлерге табыс әкелетін шынайы, лайықты өмір сүруді қамтамасыз ететін жұмыс түрі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети