30 қыркүйек 2016 15:29

Қазақстанда жұмыссыздық 5 пайыз деңгейінде сақталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kostanaytany.kz © kostanaytany.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру мен халықты жұмыспен қамту" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру мен халықты жұмыспен қамту" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде ол Мемлекет басшысы 2012 жылы өзінің бағдарламалық мақаласында айтқан Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын іске асыруда халықты жұмыспен қамту маңызды рөл атқаратынын атап айтты.  

"Әлемнің барлық елдерінде халықты жұмыспен қамту - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты басымдығы болып табылады. Қазақстанда "Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" бағдарламасы және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық кешенді жоспарлары жүзеге асырылуда. Әлемдік экономикада орын алған жағдайға байланысты және қызметкерлерді жұмыстан босату қаупіне қарамастан, мемлекет қабылдап отырған шаралар жұмыссыздық көрсеткішін 5 пайыздық көрсеткіште ұстап отыруға мүмкіндік беруде. Қазір біз еңбекақысы тұрақты, сапалы жұмыспен қамтуға баса назар аударып отырмыз", - деді Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр ағымдағы жылғы 8 айда "ЖЖК 2020" бағдарламасын іске асыру аясында 111,9 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқанын мәлімдеді. Оның ішінде жұмыссыздар 74,4 мың адам (66,5 %), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 36,2 мың адам (32,4 %) және 1 258 адам (1,2%) ішінара жалдамалы жұмыскерлер болып табылады. Сонымен қатар, 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 47,4 % болса, әйелдер 45,1 пайызды құрайды.

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтудың аймақтық кешенді жоспарларымен 313 мыңнан астам адам қамтылып, оның 279,8 мың адамы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 139,1 мың адам, уақытша жұмыс орындарына  140,7 мың адам тұрды.

Біржан Нұрымбетов ҚР ДСӘДМ Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын халық арасында насихаттау бойынша белсенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Оның қатарында бірнеше ауқымды шаралар бар.

Қазіргі таңда "Қазақстандықтар - табысты ұлт" медиалық жобасы іске асырылуда. Оның аясында Тәуелсіздік жылдарында жетістіктер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізген 100 қазақстандық - "біздің уақыттың қаһармандары" таңдап алынды. Жобаның негізгі міндеті: жаңа кейіпкерлердің - еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын бейнелейтін нақты адамдардың тағдырлары, мінездері және олардың жетістіктері арқылы Қазақстанның табыстарын көпшілікке паш ету болып табылады", - деп хабарлады ол.

Жастар арасында еліміздің экономикалық сұраныстарына сай жұмысшы кәсіптер мен кәсіптік білім берудің беделі мен танымалдылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін жұмысшы мамандықтардың Worldskills Kazakhstan ұлттық және өңірлік чемпионаттары өткізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 700-ден астам қатысушылар мейрамханалық сервис, кондитер ісі, шаштараз ісі, желілік және жүйелік әкімшілендіру, веб-дизайн, мехатроника, құрғақ құрылыс және сылақшылар  жұмысы, кірпіш қалау, дәнекерлеу жұмыстары,  безендендіру жұмыстары, мектепке дейінгі тәрбие, киім дизайні, электр монтаждық жұмыс салалары бойынша үздік атану үшін байқауға қатысады.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын халық арасында насихаттау және Еңбек адамының беделін арттыру мақсатында 2014 жылдан бастап "Еңбек күні" мерекесін атап өту - маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Еліміздің барлық аймақтарында Қазақстан экономикасын дамытуға және нығайтуға өз үлесін қосқан еңбек ардагерлеріне, еңбек әулеттерінің өкілдері мен кәсіби мамандарға құрмет көрсетіліп,  Еңбек күніне арналған форумдар өтуде.

Аймақтық деңгейде жыл бойы Еңбек күніне арналған әртүрлі шаралар өткізіліп жатыр: елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша "Еңбек" акциясы; "Жастарды жұмыспен қамту" онкүндігі аясында "Еңбек - барлығы  үшін» ұранымен бос орындар  жәрмеңкесі, жалпы білім беру мекемелерінде еңбек ардагерлерін, өңірлік кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздарын шақыра отырып "Сенің таңдауың" сабақтары, оқушылардың кәсіпорындар мен өндірістік цехтарды аралауы; "Өз кәсібінің үздігі", "Үздік жас жұмысшы", "Жас жұмыскерлердің үздік тәлімгері" кәсіби шеберлік байқаулары.

Брифинг соңында Біржан Нұрымбетов ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Астанада "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай" Республикалық форумы өтетінін, оның аясында "Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздары марапатталатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың шілде айында Мемлекет басшысы Қазақстанда Жалпыға Ортақ еңбек Қоғамын қалыптастыру туралы идеяны айтқан болатын. 2013 жылдың қарашасында Елбасының жарлығымен ҚР Еңбек күнін мерекелеу бекітілді. Ол әрбір қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіп жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети