22 ақпан 2023 15:02

Қазақстанда жылдамдықты асыруға қатысты айыппұлдар өзгеруі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әділет министрлігі жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар үшін жаңа айыппұлдар енгізуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділет министрлігі жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар үшін жаңа айыппұлдар енгізуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" сайтында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланған. Жоба жылдамдықты арттыру және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері үшін айыппұлдарды өзгертуді қарастырады.

"Бекітілген қозғалыс жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін асыру 20 АЕК (69 000 теңге), сағатына 80 және одан да көп шақырым - 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде жылдамдықты сағатына 80 шақырым және одан да көп қайталап асырғаны үшін – 60 АЕК (207 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, жобаға 596-бапта жаңа тармақ енгізілді, оған сәйкес көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зақым келтірген, материалдық залал келтірген қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші 9 айға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ, заң жобасының авторлары қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырудың орнына 30 АЕК (103 500 теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети