Қазақстанда кальян бизнесі заңдастырылуы мүмкін: бюджетке миллиардтар түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кальян бизнесі заңдастырылуы мүмкін: бюджетке миллиардтар түседі Фото:depositphotos.com

Қазақстандағы кальян бизнесін лицензиялап, заң аясына шығару қажет. Мұндай пікірді Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Такиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы кальян бизнесін лицензиялап, заң аясына шығару қажет. Мұндай пікірді Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Такиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Қаржы министрлігінің басшысы қорқорға салынған тыйымды жеңілдетуді қарастыратын жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді.

"Бүгінде бізде қорқорға тыйым салынған, сондықтан олардың нақты санын есептеу мүмкін емес. Бірақ біз оларды лицензиялау керек деген ұстанымдамыз, өйткені олар бәрібір бар", – деді Мәди Такиев.

Министр нәтижесіз күрестің орнына мемлекетке бұл секторды заңдастырып, кальян орталықтарының иелерін салық төлеуге міндеттеу тиімдірек екенін айтты. Қаржы министрлігі заңдастырудан түсетін ықтимал пайданы да есептеп қойған.

"Олардан бюджетке төлем өндірген дұрыс. Біздің есебімізше, қосымша түсім шамамен 50 миллиард теңге болады", – деді шенеунік.

Бұған дейін Қазақстанда кальянға қатысты тыйымды қайта қарау мүмкіндігі талқыланып жатқаны хабарланған болатын. Жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.89   562.88   6.78 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +22
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +31
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +30
П
Павлодар +25
Петропавл +32
С
Семей +29
Т
Талдықорған +30
Тараз +32
Түркістан +24
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер