27 наурыз 2018 13:12

Қазақстанда қанша адам қазақ тілін біледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың 80 пайызынан көбі мемлекеттік тілді біледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықтың мемлекеттік тілді игеруі жөнінде жүргізілген жыл сайынғы зерттеудің қорытындысына сәйкес, 2017 жылғы жағдай бойынша халықтың 83,1 пайызы мемлекеттік тілді біледі. Ал үш тілді игерген ересектердің үлесі - 22,3 пайыз", - деді министр. 

Сондай-ақ, министр Қазақстандағы мемлекеттік тілде жүргізілетін құжат айналымының үлесі 92 пайыз екенін айтты. Ал қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі 72 пайыз екен.

"Республикада мемлекеттік тілді оқытатын 89 өңірлік орталық бар. 2017 жылы орталықтардағы мемлекеттік тілді үйрену курстарынан 58,3 мыңнан аса адам өтті", - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети