06 мамыр 2021 14:13

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері қалды. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 еді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл - 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды", - деді Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін 9 мамырға Қазақстанда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 6,4 миллиард теңге төлемге жұмсалатыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети