12 қаңтар 2022 11:17

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына "қызыл" аймақтағы өңірлерде ұжымдарды бөлуге және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданады", - деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейтуді тапсырғаны хабарланды. Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ПТР-сынама санын арттыруды, жедел бақылау жүргізуді және медицина қызметкерлерінің дайындығын, ауруханадағы қосымша орындарды, дәрілер мен медициналық заттардың жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети