31 мамыр 2022 10:30

Қазақстанда қай жас аралығында қыздар ерлерге қарағанда аз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қай жас аралығында қыздар ерлерге қарағанда аз екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.


Қазақстанда қай жас аралығында қыздар ерлерге қарағанда аз екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Статистика деректеріне сәйкес, кейінгі жылы Қазақстан халқы 1,3 пайызға өсіп, 2022 жылдың басына қарай 19,12 миллион адам болды. Сонымен қатар, әйелдердің саны - 9,84 миллион, ер адам - 9,29 миллион. Халық саны бойынша әйелдер үлесі жыл басында 51,44 пайыз болса, ал кейінгі он жыл ішінде біртіндеп азайып отырған. 10 жыл бұрын әйелдер бүкіл халықтың 51,77 пайызын құрады.

Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша әйелдердің үлесі тағы да қысқарып, 51,43 пайыз болды.

Кейінгі 5 жылда әйелдер санының орташа жылдық өсуі 1,2 пайыз болса, ал ерлер санының өсуі 1,4 пайыздан асты. 

2022 жылдың басында жастардың жалпы санындағы жас әйелдердің үлесі 48,87 пайыз болды. Бір жыл бұрын бұл 48,92 пайыз, ал бес жыл бұрын тағы бір пайызға жоғары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети