01 қыркүйек 2016 10:34

Қазақстанда кейбір мұғалімдердің жалақысын өсіру жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдердің жалақасын өсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство басшысы Астанадағы № 70 мектепте өтіп жатқан салтанатты іс-шара барысында мәлімдеді.


ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдердің жалақасын өсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство басшысы Астанадағы № 70 мектепте өтіп жатқан салтанатты іс-шара барысында мәлімдеді.

"Биыл біз жаңа ережелерді ойластырып жатырмыз. Біріншіден, бір квалификациялаудан басқа квалификациялауға өткен мұғалімнің жалақысы өседі. Биыл біз жаңа ережелерге сәйкес, екі тілде сабақ беретін мұғалімдердің де жалақасын өсіруді жоспарлап отырмыз. Нормативтік құжаттар дайын болғанда біз бірінші кезекте қазақстандық мұғалімдерге бұл жайлы айтатын боламыз", - деді министр.

Сонымен қатар, ол жаңа оқу жылының қарсаңында оқулықтардың жеткіліксіздігі байқалмайтынын айтты. "Биыл бірінші сыныпқа баратын 370 мың оқушы білім берудің жаңа бағдарламасына өтеді. Барлық оқулық дайын, 380 мың оқулықты басып шығардық. Оқулықтар мектептерге жеткізілді. Әкімдіктегілер де оқулықтарды алып кетті. Оқулықтардың жеткіліксіздігі жайлы естіген жоқпыз. Ондай ақпарат бізде жоқ, егер де ондай жағдайлар болатын болса, ол мәселені тексереміз", - деді Сағадиев.

Оның айтуынша, биыл бірінші сынып оқушыларына арналған базалық оқулықтар жаңартылады. Бірінші сынып оқушылары "Әліппенің" орнына "Сауат ашу" оқулығымен оқитын болады. Келесі жылы 2, 5 және 7 сынып оқушыларына арналған оқулықтар жаңартылады. Айта кетейік, барлық сынып оқушысына оқулықтарды жаңарту жұмыстарын төрт жылда аяқтау жоспарланып отыр.

Осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек алматылық оқушыларды Білім күнімен құттықтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети