25 қаңтар 2022 10:23

Қазақстанда кейінгі 30 жылда ең жылы желтоқсан тіркелді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың желтоқсанын Қазақстандағы кейінгі 30 жылдағы ең жылы ауа райы деп атап, себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың желтоқсанын Қазақстандағы кейінгі 30 жылдағы ең жылы ауа райы деп атап, себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың желтоқсаны республиканың барлық аумағы үшін жылы болды, оңтүстік-батыс жартысында тіпті көктемгі ауа температурасы байқалды.

Бұл ауа райына Иран мен Орта Азия аймақтарынан жылы ауа массаларының жиі келуі себеп болды. Оңтүстік және солтүстік-батыс циклондарына байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер бірнеше рет өтіп, ауа райы тұрақсыз сипатта болды.

Республиканың басым бөлігінде, көбінесе айдың екінші жартысында қар жауып, боран соғып, кейде қатты жауын-шашын жауды. Мысалы, 22 желтоқсанда Құсмұрын метеобекетінде (Қостанай облысы) 23 миллиметр (норма бойынша бір айда 19 миллиметр), ай аяғында елдің батысында 22 миллиметрге дейін жауды.

Еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауды, қатты жауын-шашын бірінші онкүндіктің аяғында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 18 миллиметрге дейін байқалды. Ай ортасында Түркістан облысында 25 миллиметрге дейін жауды, сондай-ақ, тұман мен көктайғақ құбылыстары байқалды. Ай басында күндізгі ауа температурасы батыс аймақтарда +6 градусқа дейін, оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарда +12+25,7 градусқа дейін көтерілді.

2 желтоқсанда Шымкент (Түркістан облысы) метеобекетінде +25,7 градус тіркелді, бұл жоғары көрсеткіш болды, кейінгі рет ең жоғары ауа температурасы 1987 жылы 24 желтоқсанда (+25,4 градус) байқалды. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында да рекорд көрсеткіш тіркелді. Аққұдық метеобекетінде 1 желтоқсанда ауа температурасы +22,6 градусқа дейін көтерілді, кейінгі рет абсолютті максимум 1981 жылы 16 желтоқсанда (+22,0 градус) байқалды.

Солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +2+5 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында +13 градусқа дейін көтерілді. Алайда бірінші онкүндіктің аяғында және айдың үшінші онкүндігінде, негізінен республиканың солтүстік жартысында суық антициклонның енуіне байланысты ауа температурасы түнде және күндіз айтарлықтай төмендеді: түнде-22-32 градусқа дейін, күндіз-17-25 градусқа дейін.

Осылайша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1-6 градусқа жоғары болды, тек елдің шеткі шығысы мен оңтүстік-шығысында климаттық нормаға жақын болды.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-2,9 есе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығы мен шығысында және Атырау, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында нормадан 1,3-2,9 есе көп болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети