20 желтоқсан 2017 16:38

Қазақстанда көлікті электронды түрде тіркеп, мемнөмірді үйге жеткізіп алу мүмкіндігі болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Автокөлікке құжат толтыру мен мемлекеттік тіркеу нөмірін беру толықтай электронды форматқа өткізіледі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ІІМ-мен бірге көлік құралдарын тіркеу процедураларын оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастырдық. Толықтай электронды форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз: мемлекеттік нөмірді таңдау, барлық қажетті тексеріс, төлем, арнайы ХҚКО-ға келіп агрегатты салыстырып, дайын құжатты алып кету ғана қалады", - дейді Оспанов үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, бұл қызметті алда бәсекелес ортаға беру де қарастырылып отыр екен.

"Мемлекеттік нөмірді "Қазпошта" арқылы жеткізу. Осылайша, көлікті қайта тіркеу 20 минуттан аспайтын болады деп жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді Оспанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети