1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 704-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Коронавирус жұқтырған 7 адам: Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 4 адам анықталды. 

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында - 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 69 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 704 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!