26 сәуір 2020 13:49

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың өлім себебін зерттейтін комиссиялар құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус жұқтырған науқастардың өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды, - деп хабарлайды Almaty.tv.


Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус жұқтырған науқастардың өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде Денсаулық сақтау басқармалары жанынан коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссиялар (ӨЖЗК) құрылды.

Комиссия науқас өлімінің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді.

"Арқалықта үйінде көз жұмған 84 жастағы пациентке қатысты талдау жұмыстары 27 сәуірде жүргізіледі. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша пациент өлімінің тікелей себебі анықталады. Бүгінде науқас туралы барлық қажетті медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылған", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети