21 қыркүйек 2021 10:51

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамызда коронавирус науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізген. Eta "Нигерия" штамының айналымы 4 өңірде анықталған: Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1.

"Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta "үнді штамы" - 57 (59,4 пайыз), Alpha "ұлыбританиялық" - 24 (25 пайыз), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4 пайыз) және Еta "Нигерия" - 5 (5,2 пайыз)", - делінген хабарламада.

Eta штамның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде анықталған, ДДСҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штамдарға жатады.

"Клиникалық белгілері Alpha (ұлыбританиялық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты", - делінген хаарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети