15 желтоқсан 2022 12:02

Қазақстанда "күрделі төтенше жағдай" кезінде қосымша төлем жасалуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин төтенше жағдайда жұмыс істеген жауапты мамандардың жалақысына қосымша ақы төленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин төтенше жағдайда жұмыс істеген жауапты мамандардың жалақысына қосымша ақы төленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ведомство басшысы Парламент Сенатының жалпы отырысында мәлімдеді.

"Біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Экономика және Қаржы министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлеріміздің жалақысын көтеру туралы Премьер-министрге хат жолдадық. Төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерекше жұмыс қиындықтары үшін қызметкерлер қосымша ақша алатын болады. Мұндай жұмыстар Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де жүргізілсе, оларға ақы төленеді", - деді ТЖМ басшысы.

Министр сыйлықақы мөлшері лауазымдық жалақының мөлшеріне байланысты болатынын баса айтты.

"Қазір біз лауазымдық жалақының 20 пайызын алуға өтініш бердік. Егер біз лауазымдық жалақыны көтеретін болсақ, сыйлықақы да көтерілетіні даусыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети