07 тамыз 2020 11:07

Қазақстанда Meduza.io тағы да бұғатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы да орыс тілді Meduza.io интернет-басылымы бұғатталды. Мәліметті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тағы да орыс тілді Meduza.io интернет-басылымы бұғатталды. Мәліметті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік Meduza.io Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының (2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 2-4488-14 және 2016 жылғы 20 маусымдағы № 7140-16-002/2598) шешімі негізінде бұғатталғанын еске салды.

Мамыр және маусымда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сот пен уәкілетті органның шешімімен Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған және таратылуы шектелген сайттарда және сілтемелерде құқыққа қарсы контенттің бар-жоғына тексеру жүргізген еді.

"Тексеру нәтижесі бойынша, заңсыз контент болмаған немесе домендік атауы Интернетте жоқ 22 мыңнан астам Интернет-ресурс пен сілтемеге қатысты шектеуді алып тастау туралы шешім қабылданды. Көрсетілген интернет-ресурстардың ішінде Meduza.io да болған.

Алайда қайтадан мониторинг жүргізгенде, мұның алдында meduza.io Интернет-ресурсының қолжетімдігін шектеу үшін негіз болған материал басқа сілтеме бойынша осы ресурсқа қайта орналастырылғаны анықталды", - деп хабарлады министрлік өкілі.

Байланыс саласындағы уәкілетті орган 2020 жылғы 15 шілдеде meduza.io Интернет-басылымын бұғаттау бойынша шараларды қайта қабылдау туралы қаулысын шығарды.

Қазіргі уақытта сайт Қазақстан аумағында қолжетімсіз.

Еске салайық, Meduza.io порталы "Өскемен халық республикасы. Орыстар Қазақстанда "сыпайы адамдарды" күте ме? (Усть-Каменогорская народная республика. Ждут ли русские в Казахстане "вежливых людей")"  деген мақаласынан кейін кеңінен талқыланған болатын. Материалда Қазақстанның шекаралас облыстарының ресейшіл тұрғындары туралы сөз болды.

Кейін ШҚО-ның қоғам белсенділері бұл мақала "шетелдіктердің ұлтаралық алауыздықты өршіту әрекеті" деген мәлімдеме жасайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети