Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда мекенжайға жалған тіркеуге тұрғандарға айыппұл салынады

22 Желтоқсан 2014, 12:52
0
©Даниал Оқасов
©Даниал Оқасов

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде тұрғылықты мекенжайға жалған тіркеуге тұрғандарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Азаматтарға шын мәнінде тұрмайтын баспаналарға тіркелуге тыйым салынатын болады. 

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін "ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" жаңа кодексінде осындай норма қарастырылған. Талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұлдар баспана иелерімен қатар, тіркеуге тұрушыларға да салынатын болады. Құжатты дайындаушылар бұл норма арқылы өз үйіне адам тіркеуді ақша көзіне айналдырғандар қатарын азайтуды көздеп отыр.

Заңға сәйкес, мұндай тыйымды ескермеген үй иелеріне 5 АЕК, яғни 9910 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал тіркеуге тұрғандарға қатысты түзетулер әзірше күшіне енген жоқ, яғни салынатын айыппұл көлемі бекітіле қойған жоқ. Заң бұзушылар республика бойынша мекенжай мәліметтері базасы арқылы анықталады. Ол алдағы жылы жасалуы тиіс. Мәліметтер базасында белгілі бір пәтерде қанша адамның тіркелгені нақты көрсетілетін болады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай