18 ақпан 2023 17:49

Қазақстанда мектептерде агрессияның күшеюіне түрткі болатын НҚА қабылдау жоспарланып жатқаны туралы фейк тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде "Ашық НҚА" порталында мектептерде агрессияның бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін артуына түрткі болатын заң жобасы бар екендігі туралы ақпарат таратылуда. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікрін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.


Әлеуметтік желілерде "Ашық НҚА" порталында мектептерде агрессияның бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін артуына түрткі болатын заң жобасы бар екендігі туралы ақпарат таратылуда. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікрін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада "Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицид превенциясынан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" деп аталатын нормативтік-құқықтық акті туралы айтылған.

Қазнеттегі жарияланым авторы мұндай жоспар АҚШ-та қабылданғанын және бұл мектептерде агрессияның күшеюіне әкелді деп мәлімдейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мұның бәрі шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде "Ашық НҚА" порталында Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицид превенциясынан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасының орналастырылғандығы туралы таралған видеода жалған ақпарат ұсынылған. Кешенді жоспардың жобасы балалардың қауіпсіздігін, әл-ауқатын қамтамасыз етуге және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бұл жоба халық арасында кеңінен талқылау мақсатында "Ашық НҚА" порталында орналастырылды. Естеріңізге сала кетейік, ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бұл құқық "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР кодексінің 70-бабында айқындалған", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ АҚШ-та мектептердегі агрессия деңгейінің артуы қандай да бір заң жобаларын қабылдаумен байланысты екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Қорыта айтқанда, таралған ақпаратқа сенуге болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети