11 қазан 2016 17:34

Қазақстанда Оңтүстік Кореяның мемлекеттік сатып алу бойынша тәжірибесі талдауға алынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© minfin.gov.kz © minfin.gov.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2-ші Азия-Тынық мұхиты аймағының Конференциясына қатысты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2-ші Азия-Тынық мұхиты аймағының Конференциясына қатысты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 10-11 қазан аралығында өтетін конференцияның ұйымдастырушылары Азия Даму Банкі (АДБ) және Оңтүстік Кореяның мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметі болып табылады.

Қазақстан делегациясын ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Сабит Ахметов бастады.

Осы Конференцияны Оңтүстік Кореяда өткізу кездейсоқ емес, электрондық сатып алу осы елде де жоғары даму деңгейімен ұйғарылады. Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяның электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі тәжірибесі әлемдегі ең алдыңғы қатарлы болып табылады.

Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері, сауда-саттықты, келісім-шарт жасауды, тауар жеткізуді және оған ақы төлеуді коса алғанда KONEPS (Korean on-line electronic Procurement Service) жүйесі арқылы өткізіледі.

Конференция аясында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Оңтүстік Кореяның мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметінің басшысы Чугун Янху мырзамен электрондық мемлекеттік сатып алуды дамыту мәселелерін талқылады.

Оңтүстік Кореяның электрондық сатып алулар жүйесін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында тараптар тығыз ынтымақтастық жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың сөзіне қарағанда, Азия-Тынық мұхиты аймағының, оның ішінде Оңтүстік Кореяның электрондық сатып алулар өткізу тәжірибесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру кезінде ең үздік тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети