03 қазан 2014 17:20

Қазақстанда пайдаланылмай жатқан 5 миллион гектар жер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда пайдаланылмай жатқан бес миллион гектарға жуық жер телімдері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаевқа сілтеме жасап.


Қазақстанда пайдаланылмай жатқан бес миллион гектарға жуық жер телімдері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаевқа сілтеме жасап.

2012-2014 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жүргізілген. Мұндай жерлердің жалпы ауданы - 96 гектардан астам. "Жыл сайын 36 миллионнан астам гектар қаралған, түгендеу шарасы барысында бірнеше жүйелі мәселе анықталды. Пайдаланылмай жатқан 5 миллионға жуық жер телімі анықталды, 1,7 миллион гектар жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды, 2,1 миллион гектар пайдаланыла бастады, 700 мың гектар бойынша нұсқау берілгеннен кейінгі пайдалануға кірісу мерзімі әлі басталған жоқ. 500 мың гектар бойынша біздің талап арыздарымыз сотта жатыр", - деді Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өскенбаевтың айтуынша, пайдаланылмай жатқан жерлердің 78 пайызы - жайылымдар. "Біз түгендеудің нәтижесінде жерлердің неге пайдаланылмай жатқанына талдау жүргіздік. Бұл жайылымдардың 70 пайыздан астамының игерілмей жатқан себебі - ол жерлерде сумен қамту жүйесі жоқ, яғни суландыру жүргізілмеген", - деді ол.

"Бүгін тиісті шаралар қолға алынғаны туралы ауыл шаруашылығы министрі де мәлімдеді. Егер фермерлер мен жерді пайдаланушылар өздеріне тиесілі жайылымдарды суландырумен айналысса, бұл жұмыстардың 80 пайызы субсидияланатын болады. Бұл - фермерлерді жайылымдарды суландыруға, оларды өз мақсатына пайдалануға ынталандырудың тиімді шарасы", - деді Өскенбаев.

Ол жердің кадастрлық құны мәселесі туралы да айтты. "Прокуратура облыстардағы жерлердің кадастрлық құны жөнінде тексеру жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар жердің кадастрлық құнын өздері анықтайды. Көп аймақта ол бірде-бір рет өзгертілмеген", - деді вице-министр.

Өскенбаевтың айтуынша, Астанада бұл жағынан бәрі дұрыс. "Астанада жердің кадастрлық құны тұрақты түрде тексеріліп отырады. Жерлер белгілі бір аудандастыру аймақтарына бөлінген, сол аймақтарға сәйкес, жердің кадастрлық құны анықталады. Біз түгендеу шарасы барысында кешенді түрде осы мәселелерді көрсеттік, оларды шешудің кестесін жасадық. 2014 жылы түгендеу шарасының қорытындыланады, ал 2015 жылдың бірінші тоқсанында Үкіметке және Мемлекет басшысының атына жүргізілген жұмыс жөнінде үлкен есеп дайындаймыз", - деді Өскенбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети