06 тамыз 2022 15:32

Қазақстанда пияз бағасы 12 пайызға өсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір айда пияз бағасы шамамен 12 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңес барысында кейінгі айда баға 0,8 пайызға өскені айтылды. Пияз, қант және күріш қымбаттаған, ал қырыққабат, сәбіз және картоп бағасы керісінше төмендегені байқалған.

АШМ мәліметінше, бүгінде елімізде сиыр еті, құс еті, ұн, картоп, күнбағыс майы, тауық жұмыртқасы мен сүтті қоса алғанда, 680 мың тоннадан аса негізгі азық-түлік тауары бар.

Өңірлер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағасы бір айда Ұлытау облысында 1,5 пайызға, Қарағанды облысында 1,4 пайызға және Қостанай облысында 1,3 пайызға өскен.

Үкімет басшысы пияз бағасының өсуі азаматтарды толғандыратын тағы бір мәселе болғанын атап өтті. Бір айда ең көп өсім Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген.

"Әріптестер, қантқа байланысты сыртқы себептер болса, пиязға қатысты жағдай - кемшілік нәтижесі. Әкімдіктерде барлық мүмкіндік болды", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети